31.01.2024ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" жобасы аясында аясында "Баланы жастан"тақырыбында шебер-сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға, отбасында балаға үлгі бола білу, бала бойына ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Мектебімізде қызылша ауруы, аурудың белгілері және сақтану жолдары туралы ата-аналар мен оқушыларға ақпараттар берілді. Сонымен қатар, қызылша ауруы туралы ақпараттар бұрышында, буклеттер мен стендте қосымша ақпараттар ілінді. Мақсаты: ауру туралы толық ақпараттардың қолжетімділігі
08.01.24ж. күні кәсіптік бағдар беруші Матц С.В. ҚРМ.Ғабдуллин атындағы ТЖ академиясының 4 курс курсанты Амангелді Бахтиярмен мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен кездесуін ұйымдастырды. Амангелді Бахтияр осы мектептің түлегі. Бүгінгі күні өзінің оқыған мектебіне келіп, түлектерге өрт сөндіруші мамандығы туралы мағлұматтар айтып берді. Кездесуде оқушыларға пайдалы ақпараттар берілді. Түлектер бұл оқу орнына түсу, оқу туралы көп көкейтесті сұрақтарын қойды.
Мектебіміз жылда оқушыларға арнап мұзайдынын дайындайды. Биыл да оқушылар үшін бос уақытында қысқы спорт түрлерімен айналысу мақсатында мұзайдынын дайындады. Балалар бос уақытында, дене шынықтыру сабағында коньки теуіп, хоккей ойындарын ойнайды.
“Қарағаш орта мектебі” КММ 04.01.2024ж Жоспар бойынша оқушылардың қысқы демалысын тиімді әрі пайдалы ету үшін 5-11 сыныптар арасында волейбол ойыны өтті. Мақсаты: Волейбол ойыны арқылы, бұлшық еттердің барлық топтарының, секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігін үйлесімді дамуына көмектеседі. Әрбір команда ұйымшылдықпен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас командалар волейбол сеткасына ұпай салумен болды. Волейбол қызу тартысты өтті.
“Қарағаш орта мектебі” КММ 03.01.2024ж Жоспар бойынша балалардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін 1-4 сыныптар арасында асық ату ойыны өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықты дәріптеу,балаларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке және қырағылыққа тәрбиелеу.
Қарағаш орта мектебінің кітапханасы Тәуелсіздік күніне орай " Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы", "Желтоқсан жаңғырығы" атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге шыншылдыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік құрбандарын ұмытпау.