Мектебімізде бүгін Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты:Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
05.12.23 күні. Оқушылардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға, әдеп құндылықтарын ұстану бағытында 6-сынып жетекшісі Шайхыжанова А.К. "Әдептен озбайық" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, әдеп ережелерімен танысып, іс-шара белсенді қатысты.
06.12.23 күні 8 "А" сыныбында "Жомарт жүрек" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты - қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Іс - шара барысында “Жомарттық” ұғымының мәні ашылып, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді. Wordwoll бағдарласы арқылы тақырыпқа қатысты жасырылған сөздерді тауып, сол сөздерден мақал-мәтелдерді құрап шықты; көптеген жағдаяттық тапсырмаларды орындап, адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білді.
01.12.23 күні оқушылар арасында "Біздің мақсатымыз салауатты өмір сүру" спорттық ойындар өткізілді. Мақсаты: оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
30.11.2023 “Қарағаш орта мектебі” КММ 10-11 сыныптар арасында “Жаман әдеттен аулақ бол”атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып,зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Оқушылар салауатты өмір салтына байланысты суреттер салып, өз ойларын ашық айтты.