15 қараша – Қазақстанның Ұлттық валютасына 30 жыл толды. Осыған орай, мектеп кітапханасында «Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырлып , оқушыларға қызықты сұрақтар қойылды.
Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 15 қараша- "Ұлттық валюта" күні арналған сынып сағаттары өткізілді. Балалардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу. <video
Бүгін мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларымен ЖПҚ ЖПҚ инспекциясының инспекторы полиция майоры Бекболатов Руслан Бауыржанұлымен тақырыптық кездесті. Оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы сөз болды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.
Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында “Оралхан Бөкей - төр Алтайдың асылы ” атты іс-шара өткізілді. Шараға 6 - 9 сыныптар оқушылары қатысты. Жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы, автор жөнінде кітап көрмесі таныстырылды.
Бүгін "Өз қолыңызбен қағаз ағашы" атты шеберлік сабағы 4-6 сыныптардағы оқушыларына өткізілді .Өте жылдам, қарапайым, ерекше, тіпті балаларға да қолжетімді. Қағаз а ғашын балалармен ойындар мен іс-шаралар үшін, сахналық қойылымдар мен үй театры үшін декорациялар жасау үшін пайдалануға болады. Өз қолдарымен қолөнер жасау арқылы балалар дамиды: Қиял, қиял және кеңістіктік ойлау.
Күзгі демалысқа мектептің ішкі жоспарына сәйкес мектептің кітапханашы мен кәсіптік бағдар берушісі 7-8 сынып оқушыларымен «Осындай мамандар бар» тақырыбында әңгіме-дүкен құрды. Айналадағы әлемге деген қызығушылықты ояту, адамдардың жұмысы туралы түсінік беру. Балалардың мамандық атаулары мен мағынасы туралы білімдерін бекіту, әр түрлі мамандық иелерінің еңбегінің маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту, ата-анасының кәсіптері туралы білімдерін бекіту.