"Қарағаш орта мектебі"КММ 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай іс- шара өткізілді. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.Бүгін әр бір сынып қазақ,өзбек,татар,орыс, грузин т.б ұлт өкілдері болып киінді.Мектепішілік іс -шарамызда оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Әр ұлттың биі, әні, өлең шумақтары оқылды. Ұлт болып бір көрініс қойылды.Оқушылар әр ұлтты құрметтеуді,сыйлауды жақсы меңгерген.Болашақта еліміз аман, халқымыз ынтымақтастықта болсын!
Ерікті - бұл ерекше қолдау мен әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға ақысыз көмек көрсететін адам. 2023 жылғы 27 сәуірде "Ашық жүректер" еріктілер ұйымының қатысушылары "Қарағаш орта мектебі" КММ 7-8 сынып оқушылары бірлесіп зейнеткер В. В.Шкель ауласын тазартуға көмек көрсетті. "Ашық жүректер" жасағының еріктілері әрқашан көмекке келуге дайын!
Ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен "Құстар біздің досымыз" атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажырата білу. Балалар үйде ата -аналарымен ұя жасап,ағашқа ілді, құстардың түрлерін, айырмашылықтарын,қоректенуін,пайдасы жайында мағлұмат берілді.Алған білімдерін дидактикалық ойындар арқылы,сұрақ жауап арқылы бекітілді.
12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күні. Ғылым күні - бұл өз өмірін ғылыми қызметке арнаған ғалым-геолог, қазақ академигі әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Ғылым - адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлтымыздың ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түсуде. Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. 12 сәуірде "Қарағаш орта мектебі" КММ -нде
Шахмат - бұл интеллектуалды ресурстарды, ой күші мен логиканы жаттықтыратын ойын. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық жасаған "Шахмат ойыны" республикалық челленджіне "Қарағаш орта мектебі"КММ оқушылары,педагогтары және мектеп директоры Габдуллина Г.Х. қатысты. Турнир спорттық бәсекелестік рухына толы достық атмосферада өтті.
"Қарағаш орта мектебі" КММ " мамандық таңдауға бағыт беру педагогтерімен әңгіме жүргізілді.9"А", 9"Б", 10"Б" сынып оқушыларымен " Кім болғыларын келеді?", "Қандай мамандықты таңдау керек? деген сұрақтар қойылды. Әдетте, балалар мамандық таңдауда, қиындықтарға тап болады.Әрине мамандық таңдауы – қиын іс-әрекет.
1-сәуір – Халықаралық құстар күні. Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша конвеция бекітілді. Құстар –табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Қарағаш орта мектебінің кітапханасында бастауыш сынып оқушылары құстар күні аясында «Құстар біздің досымыз» атты тақырыпта сурет салды. Кітапханашы кітап көрмесін ұйымдастырып