Меню KDT

logo.png?_=1675423751

КГУ "Карагашская средняя школа"КГУ  "Отдел образования Тайыншинского района"КГУ  "Управление образования акимата Северо-Казахстанской области"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Сынып сағаты. «Бір халық,бір отбасы


    Тақырыбы: «Бір халық,бір отбасы» 

    Тәрбие сағатының мақсаты:

    • Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.
    • Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

    Тәрбие сағатының түрі: танымдық ойын түрінде

    Тәрбие сағатының барысы:

    Хор: Әнұран орындалады

    I-кезең: Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!                        Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Бір халық,бір отбасы» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

    ІІ. Негізгі бөлім.

    1-жүргізуші: 
    Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
    Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
    Арқалап аманатын келіп жеткен, 
    25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
    2-жүргізуші: 
    Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толады. Мереке құтты болсын! 

    1-жүргізуші: 
    1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.                      1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 

    2- Жүргізуші: 
    Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 

    1-жүргізуші:  «Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
    Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
    Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
    Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
    Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
    Немересі: Онда тынығып алайық.
    (Тынығып жатқан немересі түс көреді)
    Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
    Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
    Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
    Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!

    Оқушы:Тәуелсіздік.

    Тәуелсізбін  мен бүгін,

    Келді, міне азаттығым, теңдігім.

    Бостандықта байлығым мен ендігім,

    Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

    Өзіңдікі -Елің де, Өзіңдікі – Жерің де

    Өзіңдікі өзің еткен Тәуелсіздік төріңде!

    Ән: «Я казах»

    2- Жүргізуші:  Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр.

    16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық. 

    1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.

    2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

    3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

    4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

    5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

    6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

    7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

    8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

    9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

    10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

    11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

    12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

    13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.

    14-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.

    15-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

     

    1-жүргізуші:   Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

    Елбасы сөйлеген өз сөзінде:

    «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

    «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

    «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер

    Ой қозғау:
    - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
    - Қазақстан.
    - ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
    - ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
    - Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
    - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
    - Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
    -. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
    -. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
    - Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
    - Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам) .                                                                                                             -Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

     

    1-жүргізуші: 
    Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу.

     

     2- Жүргізуші: Еліміз бауыры бүтін ,мызғымас мемлекетке айналып,жүз жылға татитын жиырма бес жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп,бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп,биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді.25 жыл ішінде 120-дан астам ел танып,130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті,тату-тәтті өмір сүруде.

    Ән:Көк тудың желбірегені

     

    III.Қорытынды.

    1- Жүргізуші:

     Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

    Мықты болсын елімнің керегесі.

    Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

    Кетпесін туған жердің берекесі.

    Қазақ жері достықтың Гүлстаны

    Дархан-өлкем мерейлі,ырыс-бағы

    Күрестерде,еңбекте,мерекеде                                                                                                  Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады

    Мұғалім сөзі: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Бір халық,бір отбасы» атты кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!

     

    04.01.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки