Наурыз Мейрамы
Наурыз көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман есен шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек айтып жатады. Наурыз мерекесіне де балаларда шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі мақсат - салт дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі шара "Қарағаш орта мектебінің" КММ жанындағы "Балбөбек " шағын орталығы топтық ұйымында өткізілді. Бұл дәстүрлік шараға "Балапан" кіші топ және "Балдырған" ересек топ, тәрбиешілер, ата-аналар және шақырылған қонақтар қатысты. "Қарағаш орта мектебінің" директоры Габдуллина Г. Х, ата-аналар Гулдариға, Айтжан апаларымыздың құттықтау сөзімен ашылған шара ауылдың көрінісімен ән мен би билеп мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. "Балапан" тобының кішкентай бүлдіршіндері және "Балдырған " ересек тобының ою-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерін киіп "Қамажай","Қалта"биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар ойнатып өнерлерін көрсетіп көрермендер риза болды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштығы бейнеленген кигіз үйдің ішінде қазақтын кебежесін, ат әбзелдерін, ыдыс - аяқтарын қойып безендіріп дастархан жайылып арнайы дайындаған. Өнерлі тәрбиешілер "шілдехана", "баланы бесікке салу ", " тұсау кесу ", "шашу" шашу сынды ұлттық көріністерін көрсетіп мерекенің шырайын келтірді. Балабақша тәрбиешісі Оней Б бүгінгі шараның қонақтарын, ата - аналарды,бала бақша ұжымын кішкентай бүлдіршіндердін ақ тілектерін айтып құттықтады. Мерекеге келген ата - аналары дән риза болып өздерінің лебізін білдірді. Шара соңында ата - аналар өздері арнайы дайындаған наурыз көже ден дәм татып, баталарын берді.

16.03.2023
0