Бүгін мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларымен ЖПҚ ЖПҚ инспекциясының инспекторы полиция майоры Бекболатов Руслан Бауыржанұлымен тақырыптық кездесті. Оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы сөз болды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.