Қазақ тіл мен әдебиетінің он күндік апталығының жоспары бойынша мектеп кітапханасында бастауыш сыныптар арасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.