Бүгін 29 ақпан күні мектеп кітапханасында «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ – ТАҒЗЫМ» атты кітап көрмесі, фото көрме ұйымдастырылды. Қазақ тарихындағы қаралы кезеңді естен шығармай, жадында сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін жазықсыз жапа шеккен аға ұрпақтың есімдерін мәңгілік құрметтеу, еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.